Среда, 07 февраля 2024 17:13

Қатты күйзеліске түстім": Зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай өзінің тойын жалған деп айтқаны үшін бұрынғы әйелінен кешірім сұрады

Ерекше даусымен ел ықыласына бөленген зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай жан сырын ақтарды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Көреміз”бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бағдарлама барысында әнші қателігін мойындап, экс-жұбайынан кешірім сұрады.

“Бұл меннен кеткен қателік болды. Ең бірінші Жәмиланың ата-анасынан және өзінен кешірім сұраймын. Өйткені, мен бұл әңгімені олай тиеді деп ойламадым. Бірақ ол кезде менде 14 қазан күні концерт болу керек болатын. Бірақ ол бірнеше рет ауыстырылды. Содан кейін менде күйзеліс болды. Сол уақытта отбасыдағы кикілжіңдер де шығып, қарбаласып кетті. Ашулы, сабырсыз күйде болдым, осыны тезірек жауып тастау керек болғаннан кейін жалған айта салдым. Аңдамай сөйледім", – деп ақталды әнші.

Сонымен қатар экс-әйелінің қол көтерді деген сөзін жоққа шығарды.

“Бұл қисынға келмейтін нәрсе. Шыны керек, мен әйел баласына қол көтеріп көрген емеспін. Біреулер әртүрлі бұрмалайды, Алла көріп тұр, шындығы осы. Әйел адамға ешқашан қол көтермегенмін. Ол кісінің не үшін олай айтқанын түсінбедім. Мойындаймын, өзім бала күнімде өте көп абьюздікке ұшырағанмын. Есейе келе отбасын құрып жатсам ондай қарым-қатынас жасамаймын деп уәде бергенмін”, – деп жауап берді өнер иесі.

Бағдарлама соңында ДНҚ сараптамасы да дайын болды. 99,97 пайызды көрсетіп, баланың әкесі Кенжебек Нұрдолдай екені расталды.