Четверг, 18 января 2024 17:11

Маңғыстауда оқушыны таяқпен ұрған жас маман жұмыстан босатылды

Маңғыстауда оқушыны ұрған мұғалім жұмыстан шығарылды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы El.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан мұғалімнің қолына таяқ ұстап, оқушыларды жазалап жатқанын байқауға болады. Осылайша ол сынып ішін аралап, біртіндеп ұл балалардың алақанынан ұрған. Сондай-ақ тағы бір оқушының бұрышта тұрғанын көруге болады. Облыстық білім басқармасы мұғалімге қатаң сөгіс беріліп, жұмыстан босатылғанын хабарлады.

Оқытушы – төрт ай жұмыс өтілі бар жас маман, бастауыш сынып мұғалімі. Мұғалімге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, сондай-ақ негізгі бұйрыққа сәйкес «қатаң сөгіс» тәртіптік шарасы тағайындалды. 2024 жылдың 17 қаңтарында жұмыстан босатылды, — делінген Маңғыстау облыстық білім басқармасының хабарламасында.