Вторник, 19 декабря 2023 17:16

Алматыда фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден аса қаржы ұрланған - прокуратура

Алматы прокуратурасы ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғанын анықтады, — деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы прокуратурасы "Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм" Акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.

"Алдын-ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды.

Соталды тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр", — делінген хабарламада.